«Тіл – татулық тірегі » мерекелік іс-шара
Қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасы мен Әлеуметтік мәселелер мен жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен «5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні» мерекесіне орай 14.09.2023ж. күні «Тіл – татулық тірегі » атты іс-шара өткізілді.
Мерекелік іс-шараның алғы сөзін ОҚМА Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының басшысы Е.Қ.Сәлім ашып, тіл тазалығы,тілдің маңыздылығы, қазақ тілінің мәртебесі жайында айтып, кешті ашып берді. Студенттер мерекеге орай әдемі әуезді әндер орындап, домбыра сүйемелдеуімен күйлер орындалды. Көркемсөз оқу шеберлері тіл туралы өлеңдерді жарыса жатқа оқыды.
Кеш қонағы Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының бөлім басшысы Қалдыбаева Гүланар Анарбайқызы өз құттықтауын жеткізе отырып,шараға қатысушы барлық студенттерге алғысын білдірді. Барлық қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.
Тіл қай ұлттың болмасын тарихы мен тағдыры, тәлімі мен тәрбиесінің негізі, қатынас құралы. Тіл болмаса сөз болмайды. Сөз болмаса адамзаттың тірлігінде мән-маңыз болмайтыны белгілі. Демек, тілдің, сөздің орны ерекше.