ТІЛ - ЕЛ ТІРЕГІ МЕН ЖҮРЕГІ
2015 жылдың 23 кыркүйегінде Тілдер күніне орай мерекелік концерт өтті. «Тіл тұтастығы – ел тұтастығы» атты мерекелік іс-шараның басты мақсаты – тілдерге кұрмет пен сүйіспеншілік таныту және студент жастардың өнерпаздығын айқындау болып табылады.
Барлық қатысушылар мен келген қонақтар үшін аталған іс-шара ұнамды болды, жастар түрлі халықтардың тілдерінде мәнерлеп оқу, халық әндері мен билерін әсем орындауларымен көрермен ықыласына бөленді. «Менің Қазақстаным» атты әнмен шыққан студенттер хоры керемет әсер қалдырды. Іс-шара барысында Қазақстан халықтарының тілдері туралы бейнероликтер ұсынылды. Аталмыш іс-шаралар Қазақстан халықтарының бірлігін нығайтып, олардың өзара сыйластығын қалыптастырады.
01.10.2015,
23:23
535 қаралым