«Тиімді тамақтану негіздері»

743 1

Студенттерге тамақтануды тиімді ұйымдастыру, тамақ өнімдерінің тағамдық және биологиялық құндылығы жайлы ақпараттар беру мақсатында 2016 жылдың 15 наурызында ОҚМФА-да «Гигиена-2» кафедрасының меңгерушісі С.У.Ескерованың ұйымдастыруымен «Тиімді тамақтану негіздері» атты мамандықаралық олимпиада өткізілді. Олимпиаданы  «ҚДС» мамандығының IV  курс студенттері Ж.Исакулов пен Н.Задыбек жүргізді. Әділқазылар алқасы:

Б.З.Долтаева - медицина факультеті деканы

Б.О.Аширов -  медицина факультеті деканының орынбасары

Г:Е.Толебаева - медицина факультеті деканының орынбасары

С.У.Ескерова –«Гигиена 2» кафедрасының меңгерушісі

Л.Д.Жолымбетова –«Қалыпты және патологиялық физиология» кафедрасының меңгерушісі

Л.О.Байконсова – Қазақ Тағамтану Академиясының ОҚО филиалының қызметкері

743 2

Олимпиадаға «Қоғамдық денсаулық сақтау» және «Медико-профилактикалық іс» мамандықтарының IV курс студенттерінен құралған «Гигиея» мен «Профилактика» топтары қатысты. Олимпиада 5 кезеңнен тұрды:

1. Таныстыру

2. Білімділер

3. Сен білесің бе

4. Жорға

5. Қорытындылау

743 3

Тартысты өткен сайыс нәтижесі бойынша айқын басым баллмен  «Гигиея» тобы жеңіске жетті. Әділ қазылар алқасының мүшесі Б.О.Аширов  қатысқандығы үшін топтарға сертификат табыстады. Сонымен қатар, жеңіске жеткен топ дипломмен және бағалы сыйлықпен марапатталды.

28.03.2016, 04:33
511 қаралым