«Thomson Reuters» онлайн-семинарына қатысу

Академияның КТБО-да (КТИЦ)  фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының оқытушылары ғылыми зерттеу ресурстары бойынша Thomson Reuters компаниясының онлайн-семинарына қазан  айында қатысты. Онлайн-семинарды спикер Маргарита Сидорова төменде қөрсетілген тақырыптар бойынша жүргізді:

1.  Web of Science платформасы: базалық іздеу мүмкіндіктері;

2.  EndNote Online бағдарламасымен  кітапханалық жұмыс;

3.  ResearcherID және автор бойынша іздеу;

4.  Journal Citation Reports пайдаланып, ғылыми журналдарды талдау және  іздеу.

Онлайн-семинарға қатысқан  оқытушыларға жақын арада  сертификаттар берілді.

682 1

Кафедра оқытушылары онлайн-семинарды өткізген және ұйымдастыруға әрекет еткен, сайт маманы  Б. Жарылкасынға және КТБО бастығы, М.Т. Уксікбаевқа алғыс білдіреді.

23.12.2015, 04:57
515 қаралым