Теория мен практиканың интеграциясы: GPP енгізудегі өзекті мәселелер
11 қарашада « Жақсы тәжірибенің ұйымдық негіздері (GXP )» сабағында қазақстандық нарықтағы ең ірі фармацевтикалық компаниялардың бірі – ZERDE компаниясымен білім алушылардың бірлескен кездесуі өтті.
Кездесуге тәжірибелік дәріхана өкілдері қатысты :
Амангелдиева Салтанат Бишембайқызы – басқарушы директор,
Кенбаева Римма Наурызтаевна - дәріханалар желісінің меңгерушісі,
Тәжікбаева Роза Қайырғалиқызы – дәріханалар желісінің меңгерушісі,
Ақыл Әсем Махмұтқызы – дәріханалар желісінің меңгерушісі, сонымен қатар фармация ісін ұйымдастыру және басқару кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы , деканат қызметкерлері және «Фармация» мамандығының 5 курс білім алушылар.
Кездесу келесі мәселерге арналды :
Ірі фармацевтикалық компанияларда жұмыс істеу үшін қажетті жаңа құзыреттер,
Тиісті фармацевтикалық тәжірибенің талаптарымен танысу (GPP),
фармацевтика секторындағы кадр нарығының заманауи мәселелері,
Түлектердің жұмысқа орналасуға қатысты үміттері.
Білім алушылар өздері үшін мамандықтың даму векторын, жұмыс берушінің негізгі тенденцияларын анықтады және практикалық фармациядағы oкiлдерiмен жақынырақ тани алды.