«Темекі тастауға лайықты күн» ұлттық бағдарламасы
Хирургиялық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен 2018 жылдың 20 қараша күні ОҚМА №1 жатақханасында «Халықаралық темекі шегуден бас тарту күніне» орай «Темекі тастауға лайықты күн» тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесуді кафедра меңгерушісі, м.ғ.д., профессор м.а. Б.Абдурахманов ашып беріп, кафедра доценті, онколог М.Жантеев жалпы халық денсаулығы туралы, зиянды әдеттер мен олардың адам ағзасына әсері туралы баяндады.
Кез-келген елдің болашағы – халқының денсаулығына байланысты екендігі және болашақтағы бағытымыз – салауатты өмір салты екендігін айтты. Аурудың алдын алу емделуден оңай екендігін өсіп келе жатқан ұрпақтың санасына сіңіріп, олардың өз денсаулығына деген жауапкершілігін қалыптастыру бойынша қатысушыларға маңызды мәліметтер берді.
Кездесу өте қызықты өтіп, студент жастар ойларында жүрген сұрақтарына мардымды жауаптар алды. Шара соңында ұйымдастырушылар шылым шегудің зиянын көпшілік көңілдеріне алмайтынын, оның аса қауіпті екендігін ескерте отырып, тақырыпқа сай бейнебаян көрсетілді.