Театр – сезімдер мен ойлардың шыңы

Театр – адамзаттың рухани әлемін дамытып қана қоймай, адамгершілік пен ізгілікке тәрбиелейді, ұлттық мәдениетке құрметпен қарауға баулиды және театр өнеріне қызығушылығын арттырады, насихаттайды.
«Жалпы тәжірибелік дәрігер-2» кафедрасының ІЖТДҚ-11-23 топ интерн-дәрігерлері кафедра ассистенті Е.Т.Отумбаевамен бірге Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрына барып, әлемге танылған жазушы Шыңғыс Айтматовтың «Ақ кеме» шығармасының қойылымын көріп рухани азық алып қайтты. Жазушының «Ақ кеме» туындысы жалған дүниеге баланың көзімен қараған, бірақ қанша жерден ертегі-түстерін сақтап қалуға тырысса да, қу дүниенің сұрғылт өңі басым түскен шығарма.
«Өнер бізді өмірдегі шынайылықты түсінуге, болашаққа деген үмітімізді арттыруға шақырды. Осы бір кештің әсері көпке дейін есімізден кетпейді. Өнер мен білімді ұштастыра отырып, біз болашақта да рухани азықты іздеп, осындай қойылымдардан шабыт аламыз деп сенеміз!» - ІЖТДҚ-11-23 топ интерн дәрігерлері.

22.10.2024, 08:30
47 қаралым