"Team building" мастер – классы

764 1 

15.04.2016 ж ОҚМФА спортзалында "Team building" мастер – классы өткізілді. «Team building» ағылшын тілінен аударғанда «топтың қалыптасуы»  деген мағынаны білдіреді. Топтың  құрылуы – бұл командаларды біріктіруге, белсенді ойын барысында бей-ресми карым – қатынас арқылы танысуға бағытталған іс-шарасы. Мастер – класс «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының 5 курс студенттері арасында ұйымдастырылды. Ұйымдастырушы «Қоғамдық денсаулық сақтау-1» кафедрасының аға оқытушысы Бөлешова А.М. Мастер-класста спорттық және дамытпалы сайыстар болды. Іс-шараның мақсаты - топта жұмыс істеу, көсбашыларды анықтау, топтың рухын көтеру,  стандартты емес мәселелерді шешетін дағдыларды кеңейту және психологиялық жүктеуге  бейімдеу.

 764 2

28.04.2016, 06:01
447 қаралым