«Тәуелсіздіктің тірегі - Ата Заң», «1 қыркүйек- Білім күні»

Жалпы білім беретін пәндер кафедра оқытушыларының ұйымдастырумен 2 қыркүйек күні «Еліміздің Ата Заңы – Конституция күні» және «1 қыркүйек - Білім күніне» орай мерекелік іс-шара өткізді. Мерекелік іс-шарада директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.А.Тайжанова сөз алып, колледж табалдырығын алғаш аттаған 1 курс білім алушыларына сәттілік тілеп, сапалы білім - еліміздің жарқын болашағының кепілі екенін атап өтті. Кафедара меңгерушісі А.Т. Сатаев медицина колледжінің білім алушылары мен оқытушыларын білім күнімен құттықтап, әрбір қазақстандық үшін мерекенің маңыздылығы зор екенін, себебі Конституция тұрақтылық, бейбітшілік пен келісімнің тірегі, оның уақыт талабына сай және адам құқықтары мен бостандықтарының кепілі болып табылатынын түсіндірді. Іс-шараның мақсаты барша Қазақстандықтарды еліміздің заңдарына деген құрметі және ұлттық бірлікті дәріптейтін маңызды күн екенін таныту. Білім күні үлкен мереке екенін білім алушыларға жеткізе білу, сезіну білімге деген құштарлығын арттырып, еліміздің білімді, тәрбиелі азаматын тәрбиелеу.

03.09.2024, 16:22
293 қаралым