"Тәуелсіздік-тұғырым" тақырыбындағы іс-шара
Тәуелсіздік алу – ұзақ жылдар бойы жалғасқан күрестің нәтижесі. Кеңес Одағының құрамында болған Қазақстан бірнеше ұлт өкілдерінің мекені бола отырып, түрлі саяси, экономикалық және әлеуметтік қиыншылықтарды бастан өткерді. Егемендік алған соң, Қазақстан өзінің даму жолын таңдап, мемлекет құрылымын қайта құру, ұлттық бірлік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету жолында ауқымды шаралар қабылдады.
Қазақстанның Тәуелсіздік күні – мемлекеттің ұлттық бірлігін, тәуелсіздігін қорғау жолында атқарылған істерді бағалап, ел азаматтарының өз Отанын дамытуға деген құлшынысын арттыруға мүмкіндік беретін күн. Бұл күні мемлекеттік мекемелерде, мектептер мен жоғары оқу орындарында, сондай-ақ басқа да қоғамдық ұйымдарда түрлі шаралар ұйымдастырылады.
«Инженерлік пәндер” кафедрасының оқытушысы Жорабек Нұрсулу Муратқызы осы айтулы мерекеге орай ФӨТҚБ-01-22, ФӨТҚБ-02-22 кураторлық тобымен «Тәуелсіздік-тұғырым» атты іс-шара ұйымдастырды. Мерекелік іс-шара барысында Қазақстанның тәуелсіздігін қолдауға және қорғауға үлес қосқан тұлғаларға құрмет көрсетілді, елдің дамуындағы маңызды оқиғалар еске алынды. “Инженерлік пәндер” кафедрасы баршаңызды “16-желтоқсан Тәуелсіздік күні” мерекесімен шын жүректен құттықтайды! Азат еліміздің ұлық мерекесі игілік, бақ-дәулет әкелсін! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, егемендігіміз баянды болсын!