"Тәуелсіз елдің көшбасшы жастары" атты республикалық конференция жеңімпазы Тажиев Сиражиддин
Білім ордамыздың СТОБ–06-21 тобының 1 курс студенті Тажиев Сиражиддин Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай "Bilim-órkenieti" ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен болып өткен "Тәуелсіз елдің көшбасшы жастары" атты республикалық конференцияда жеңімпаз атанды.
Студентіміз ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты, жастар жанашыры Әбсеметова Әлия Маратқызының қолынан "Қоғам белсендісі-үздік көшбасшы" төсбелгісі, диплом және арнайы алғыс хатпен марапатталды.
Шын жүректен біздің академиямыздың оқудағы үздік әрі белсенді студенті Тажиев Сиражиддинді құтықтаймыз!!!
16.11.2021,
10:44
