ТАШКЕНТ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫНДА МАГИСТРАНТТАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ ТАҒЫЛЫМДАМАСЫ
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы мен Ташкент фармацевтикалық институты арасындағы меморандум аясында 11.12.2022 ж. бастап 22.12.2022 ж. дейін "Фармакогнозия" кафедрасының 2 оқу жылы магистранттары Әбілова Ардақ, Қалжан Әлиаскар, Маужан Шырайлым "Ташкент фармацевтикалық институты" және "Координациялық қосылыстар және биологиялық белсенді заттар зертханасы" ғылыми тағылымдамадан өтті. Ғылыми тағылымдама негізгі құзыреттерді бекітуге, "Фармация" білім беру бағдарламасы бойынша ғылыми және кәсіптік даярлық деңгейін, біліктілік пен практикалық дағдыларды арттыруға, білімнің мәдени және жалпы деңгейін арттыруға бағытталған.
Ғылыми тағылымдама жоспарына сәйкес магистранттар келесі жұмыстарды орындады: Ташкент фармацевтикалық институтының базасымен танысып, тағылымдама бағдарламасын талқылады.
Ғылыми тағылымдама бағдарламасына сәйкес магистрант Әбілова А. диссертациялық жұмыс тақырыбы бойынша эксперименттік зерттеулер жүргізді:
- ИК-спектроскопия және жұқа қабатты хроматография әдістерімен пішенді бойдана тұқымдарына сапалық талдау;
- Пішенді бойдана тұқымдарынан алынған негізігі биологиялық белсенді заттардың мөлшерін анықтау.
Магистрант Қалжан А. диссертациялық жұмыс тақырыбы бойынша эксперименттік зерттеулер жүргізді:
- ИК-спектроскопия және жұқа қабатты хроматография әдістерімен масақша дендростеллер шөптерін сапалық талдау;
- Масақша дендростеллер шөбінен алынған негізігі биологиялық белсенді заттардың мөлшерін анықтау.
Магистрант Маужан Ш. диссертациялық жұмыс тақырыбы бойынша эксперименттік зерттеулер жүргізді:
- ИК-спектроскопия және жұқа қабатты хроматография әдістерімен шұбар алатікен гүлдеріне сапалық талдау;
- Шұбар алатікен гүлдерінен алынған негізігі биологиялық белсенді заттардың мөлшерін анықтау.
"Координациялық қосылыстар және биологиялық белсенді заттар зертханасы" базасымен танысып, онда дәрілік өсімдік шикізатындағы флавоноидтардың мөлшерін жоғарғы эффективті сұйықтықты хроматография (ЖЭСХ) және спектрофотометрия (СФ) әдістерімен анықтады.
Сондай-ақ, «Академика С.Ю. Юнусов атындағы Өсімдік заттары химиясы институтында " магистранттар "Флаваноидтар" зертханасының меңгерушісі, х.ғ.д., профессор Э.Х.Ботиров диссертациялық тақырып негізінде кеңес алды.
Ғылыми тағылымдаманың барлық кезеңінде PhD, доцент Ш.Р.Халилова магистранттарға қолдау көрсетті. Сонымен қатар, Ташкент фармацевтикалық институтының фармакогнозия кафедрасының меңгерушісі Н.Т.Фарманова ғылыми тағылымдама бағдарламасына сәйкес іс-шараларды өткізуге қатысты. Ғылыми тағылымдама одан әрі ғылыми-зерттеу қызметі үшін өте тиімді және пайдалы болып шықты.
Фармакогнозия кафедрасының ұжымы Ташкент фармацевтикалық институты базасында ғылыми тағылымдамадан өтудің оңтайлы жағдайларын ұсынғаны үшін Ташкент фармацевтикалық институтының ректоры м.ғ.д. К.С.Ризаевқа, фармакогнозия кафедрасының меңгерушісі х.ғ.д., доцент Н.Т.Фармановаға, PhD, доцент Ш.Р.Халиловаға алғыс білдіреді.