ТАШКЕНТ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ БАЗАСЫНДА МАГИСТРАНТТАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ ТАҒЫЛЫМДАМАСЫ
2024 жылғы 9-20 желтоқсан аралығында дәрілер технологиясы және фармакогнозия кафедрасының 2-ші оқу жылының магистранттары: Атырхан Аружан, Рыбакова Алёна, Умарова Диляфруз Ташкент фармацевтикалық институты (ТашФарМИ) және академик С.Ю. Юнусов атындағы өсімдік заттары химиясы институтында ғылыми тағылымдамадан өтті. Тағылымдаманың негізгі мақсаты - дәрілік өсімдіктер саласындағы зерттеулер бойынша кәсіби білімді кеңейту және практикалық дағдыларды игеру болды.
Тағылымдама жоспары бойынша Ташкент фармацевтикалық институтының базасымен танысу және тағылымдама бағдарламасын талқылау жүргізілді.
2-ші оқу жылының магистранттары диссертациялық жұмыстарының тақырыбы бойынша келесі талдауларды орындады:
• Дәрілік өсімдіктер мен топырақтың макро- және микроэлементтік құрамын зерттеу;
• Дәрілік өсімдіктер мен топырақтағы радионуклидтердің мөлшерін анықтау.
Атырхан А. О. диссертация тақырыбы бойынша орындады:
• Тар жапырақты лаванда гүлдерін ТСХ әдісімен сапалық талдау;
• Лаванда эфир майларының құрамын ГХ-МС әдісімен сандық анықтау;
• Флавоноидтардың жалпы құрамын ВЭЖХ әдісімен сандық анықтау
Рыбакова А. Д. диссертация тақырыбы бойынша орындады:
• Тарақты көздәрі шөбін ТСХ әдісімен сапалық талдау;
• Тарақты көздәрі шөбінен алынатын биологиялық белсенді заттардың негізгі топтарын анықтау;
• Флавоноидтардың жалпы құрамын ВЭЖХ әдісімен сандық анықтау.
Умарова Д. А. диссертация тақырыбы бойынша орындады:
• Дәрілік мелисса шөбін ТСХ әдісімен сапалық талдау;
• Дәрілік мелисса шөбіндегі эфир майларының құрамын ГХ-МС әдісімен сандық анықтау;
• Флавоноидтардың жалпы құрамын ВЭЖХ әдісімен сандық анықтау.
Қолдау көрсеткені үшін С.Ю. Юнусов атындағы өсімдік заттары химиясы институтына, атап айтқанда «Флавоноидтар» зертханасының меңгерушісі, х.ғ.д., профессор Э.Х. Ботиров пен барлық қызметкерлеріне алғысымызды білдіреміз.
Магистранттар тағылымдаманың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын және Ташкент фармацевтикалық институтының әріптестерімен тәжірибе алмасудың бірегей мүмкіндігін атап өтті. Алынған білім мен дағдылар болашақ зерттеулер мен кәсіби өсу үшін негіз болады.
Ғылыми тағылымдама кезеңінде PhD, доцент Ш.Р.Халилова магистранттарға қолдау көрсетіп, көмек көрсетті. Сонымен қатар, Ташкент фармацевтикалық институты фармакогнозия кафедрасының меңгерушісі Н.Т. Фарманова ғылыми тағылымдама бағдарламасы бойынша іс-шараларды өткізуге қатысты. Дәрілер технологиясы және фармакогнозия кафедрасының ұжымы Ташкент фармацевтикалық институтының ректоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор К.С. Ризаевқа, фармакогнозия кафедрасының меңгерушісі, химия ғылымдарының докторы, профессор Н.Т. Фармановаға, PhD, доцент Ш.Р. Халиловаға Ташкент фармацевтикалық институты базасында ғылыми тағылымдаманы өткізу үшін қолайлы жағдайлар жасағандары үшін алғыс білдіреді.
Ғылыми тағылымдама университеттер арасындағы академиялық ынтымақтастықты нығайтуға және жастар үшін фармацевтика және фармакогнозия саласындағы ғылыми зерттеулерге мүмкіндіктерді кеңейтуге ықпал етеді.