ТАРИХЫ ТЕРЕҢ ЖОШЫ ҰЛЫСЫНА – 800 ЖЫЛ» АТТЫ АЙМАҚТЫҚ ҒЫЛЫМИ ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

2024 жылдың қараша айының 20-і күні Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының ұйымдастыруымен «Тарихы терең Жошы ұлысына – 800 жыл» атты аймақтық ғылыми практикалық конференциясы өткізілді.
Конференцияның мақсаты-Жошы ұлысының тарихын, оның қазақ мемлекеттілігімен тарихи сабақтастығының проблемаларын жаңа тәсілдер мен әдіснамалық ұстанымдар тұрғысынан зерттеу.
Білім алушылар мен оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық жұмыстарын жандандыру, оларды қазіргі тандағы ғылыми мәселелерді шешуге қызықтыру, сонымен бірге шығармашылық қабілетін арттыру, дарынды жастарды іріктеу және қолдау мақсатында өткізілген ғылыми конференцияға жоғары оқу орындарының білім алушыларымен бірге Шымкент қаласы және Түркістан облысы аудандарындағы жалпы орта білім беретін мектептерінің оқушылары өз ғылыми зерттеулерін ұсынды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Егемен Қазақстан» газетіне берген «Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек» сұхбатында және Ұлытау мен Атырау жерлерінде өткен Ұлттық құрылтай отырыстарында «...Ұлы даланың төрінде тұрған Ұлытау талай тарихи оқиғаның куәсі болған. Ел тағдырын айқындаған көптеген маңызды кеңестер дәл осында өткен. Киелі өлкеде Алтын орда әміршілері мен Қазақ хандарының ізі қалған Алтын орда мемлекетінің мұрагері ретінде Жошы ханның кесенесін абаттандыру – біздің адами және ғылыми парызымыз. Биыл Жошы ұлысының негізі қаланғанына 800 жыл толaды. Жошы ұлысы Қазақстанның мемлекеттілік дәстүрінде айрықша орын алады» деп көрсетті. Осы орайда, Мемлекет басшысы кең ауқымды зерттеулердің қолға алынуы қажеттігіне баса назар аударғаны анық.
Жошы ханның тарихи тұлғасына және қазақ тарихындағы орны мен рөлін зерделеуге бағытталған іс шараға тарихшы-ғалымдар, қоғам қайраткерлері, профессор-оқытушылар, студенттер қатысты.
Ғылыми іс-шара қорытындысында баяндамалары үздік деп танылған, ВМ-СоҚ-03-24 тобының студенті Туребаев Асланбек- 1 орын, В-Мқб-02-24 тобының студенті Түймебай Олжас- 2 орын, М.Әуезов атындағы ОҚУ-ң 1 курс студенті Биболатқызы Еркеназым- 3 орынды иеленді. Барлық конференцияға қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.

21.11.2024, 18:02
186 қаралым