Тарих «Ақтаңдақтары»

ОҚМА «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі Түркістан облыстық комиссиясы жұмысшы тобының мүшесі А.Ә. Қабыл өңірдегі жоғары оқу орындарынан барған қазақстандық тарихшылардың құрамында кеңестік кезеңдегі ХХ ғасырдағы 20-30 жылдары болған саяси қуғын-сүргінге ұшыраған құрбандарды ақтау бойынша Ташкент қаласында өткізілген Өзбекстан Республикасының Жоғарғы Сот мәжілісіне қатысып келді. Өзбекстан Жоғарғы Соты басмашылар қозғалысы деп аталып кеңес билігіне қарулы қарсылық көрсеткені үшін қудаланған, арасында қазақ азаматтары бар 240 адамның бес қылмыстық ісін қайта қарап, олардың барлығын ақтады. Ақталғандар қазіргі Қарақалпақстан, Сурқандария, Науаи, Самарқан және Қашқадария облыстарында 1929-1931 жылдары «кеңес билігіне қарсы қарулы бүлік жасаған» деп айыпталғандар. Олар сол кездегі Өзбек КСР және Қазақ КСР азаматтары болды.
Тарих – ұмытылмайды!

06.09.2023, 14:47
487 қаралым