«Тамақтану: денсаулық және ауру» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

2022 жылдың 19 қазан күні С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде «Ұлттық салауатты тағамтану орталығымен» ҚБ бірлескен Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға «Гигиена және эпидемиология» кафедрасының меңгерушісі Утепов П.Д. қатысып, «Оңтүстік Қазақстан халқының дұрыс тамақтануының ерекшеліктерін бағалау» атты баяндама жасап келді. Конференция Қазақ тағамтану академиясының академигі Т.Ш.Шарманов, профессор Е.Д.Даленов, академик Медицина ғылымының Ресей академиясының академигі Тутельян В.А., Лос-Анджелестегі Калифорния университетінің жанындағы Адам тағамтану орталығының негізін қалаушы Дэвид Хибер, Хьюстонның Бейлор медициналық колледжінен Джон Форейт және т.б. шетелдік ғалымдардың қатысуымен өтті. Сонымен қатар, ел зиялыларынан О.Сулейменов, А.Ашимов, М.Ауезов қатысты.

28.10.2022, 12:21
331 қаралым