«ТАБИҒИ ДӘРІЛІК ЗАТТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚОЛДАНУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ» СЕКЦИЯ ЖҰМЫСЫ
2018 жылдың 7-8 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының жас ғалымдар кеңесінің қолдауымен ұйымдастырылған «Биология, медицина және фармацияның даму перспективасы» атты жас ғалымдардың және студенттердің VI халықаралық ғылыми конференциясы өтті. «Табиғи дәрілік заттар және оларды қолдану перспективалары» секциясында Қазақстан, Ресей, Украина, Узбекстан Республикасының ең үздік ЖОО-нан келген 82 ғылыми мақалалар және тезистердің ішінен 22 ғылыми жұмысы тыңдалды.
Жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
І орын – Ресейдің Уфа қаласындағы Башқұртстан мемлекеттік медицина университетінің 5 курс студенті, Асадуллина Дилара
ІІ орын – Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының фармацевтикалық факультетінде оқитын 4 курс студенттері Алдаберген Балдырган Оразбекқызына, Жұман Айгерім Әшірбекқызы
ІІІ орын – Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының фармацевтикалық факультетінде оқитын 4 курс студенті Әріпқұл Алтынай Құрбанәліқызы.
Секция мәжілісінде баяндама жасаған студенттер диплом, сертификатпен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
ОҚМА өткен ғылыми форум көптеген студенттер үшін ғылымға жол ашты.