«Тәжірибелік фармацияның өзекті мәселелері»

2020 жылдың 5 қарашасында ОҚМА «Фармация ісін ұйымдастыру және басқару» кафедрасының ұйымдастыруымен ZOOM платформасында «Тәжірибелік фармацияның өзекті мәселелері» тақырыбында академия ПОҚ, студенттер, жұмыс берушілер және медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша департаменті басшыларының қатысуымен семинар ұйымдастырылды.

1573 1

ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының м. а. Лаззат Рсымбековна Қашқымбаева ҚР-дағы ДЗ айналымы саласындағы мемлекеттік бақылаудың өзекті мәселелері мен проблемаларына; медицина және фармацевтика қызметкерлерінің кәсіби міндеттеріне; қызметкерлердің денсаулығын қорғау бойынша жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың міндеттеріне; COVID-19 бойынша фармацевттер мен дәріхана қызметкерлеріне арналған кәсіби әдеп пен басшылыққа арналған семинарды жоғары кәсіби деңгейде өткізді. Семинарға : Факультет деканы проф. К.Н.Дауренбеков; ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының м.а. Тагибаев Даулет Орынбаевич; Алматы қ. «AK NIET GROUP» ЖШС қызметкерлерді оқыту және дамыту жөніндегі менеджері Сакеева Асия Бижановна; ОҚО «Даму» фармацевтикалық және медициналық ұйымдар қауымдастығының директоры Әлжанова Х.Д.; «Жанға шипа» ЖШС директоры, PhD доктор Тулемисов Сакен Кутымханович; «Зерде-Фарма» ЖШС директоры Тоғысбаева Гүлжан Бекжанқызы; «Нұр фарм» ЖШС Бас директоры Райханов Нұрсұлтан Талғатұлы; «Бірлік фарм» ЖШС қаржы директоры Шанас Нұрбол Төлегенұлы; «Зерде-фарма» ЖШС, ішкі жаттықтырушы Аудекова Тазагуль Римовна; ОҚМА ОӘО қызметкерлері; «Фармация ісін ұйымдастыру және басқару», «Дәрілер технологиясы», «Фармацевтикалық және токсикологиялық химия», «Фармакогнозия», «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» кафедраларының қызметкерлері және фармация факультетінің студенттері қатысты.

1573 2

Семинарға қатысушылар COVID-19 Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік шешімдер қабылдайтын тұлғалардың, медицина және фармацевтика қызметкерлерінің, бұқаралық ақпарат құралдары мен жұртшылықтың белсенді қатысуымен, үздіксіз фармацевтикалық қызмет көрсету - ҚР халқына сапалы, қауіпсіз және тиімді дәрілік көмек көрсету арқылы болдырмауға және тоқтатуға болады деген қорытындыға келді.

1573 4

1573 5

1573 6

07.11.2020, 13:25
274 қаралым