Тәжірибелік денсаулық сақтаудағы шеберлік сабақ

2017 жылдың маусым айынан қазан айына дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырмасы бойынша Академия  тарапынан  №1 Облыстық перинаталды орталықтың (Шымкент қ.) базасында ОҚО облыстық Денсаулық сақтау басқармасымен бірге  отырып денсаулық сақтау қызметкерлеріне арналған тәжирибелік шеберлік сабағы ұйымдастырылды.

Шеберлік сабақтары «Kriziu TirimoCentras» (Литва Республикасы) дағдарыс орталығының мамандары тарапынан күндізгі және қашықтықтан оқыту режимінде өткізілді. Оқытылғандардың жалпы саны  176 акушер-гинеколог, неонатолог, анестезиолог-реаниматологтар, акушер және неонаталдық медбикелерден құрайды.

1127

Шеберлік сабақтар нәтижелері бойынша акушерлік, акушерлік қан кетулерді диагностикалау мен емдеуге арналған неонатологиялық және анестезиологиялық байланыстар, шок, пневмоторакс, жаңа туған нәрестелердің судорогасы ұстауы, жаңа туған нәрестенің геморрагиялық ауруы және т.б. командалық жұмысты күшейту принципі күшейтілді. Мекеменің клиникалық аудитінің қағидалары игерілді.

1128

Hybridlab курсының қатысушылары «Жаңа туған нәрестелерді реанимация» , Халықаралық реанимация комитетінің, Еуропалық реанимация комитетінің, сондай-ақ Американың педиатрия академиясының және Американың жүрек ассоциациясының соңғы ұсыныстарының негізінде жаңа туған нәрестенің реанимация принциптерін меңгерді.

Оқытылатындар тарапынан күнделікті клиникалық тәжірибеде дəлелді медицина қағидаларын енгізудің оң динамикасын атап өтті.

22.11.2017, 21:42
419 қаралым