«Тәуелсіздік ел тұғыры» атты дөңгелек үстел
2017 жылдың желтоқсан айының 14 күні «Алғашқы медициналық-санитарлық көмек-1» кафедрасының ұйымдастыруымен №8 Шымкент қалалық емханасында «Тәуелсіздік ел тұғыры» атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге емхананың бас дәрігерінің орынбасарлары А.Орынбасарова, Е.Казанцева, аймақтық дәрігерлер, Жастар саясаты бөлімінің бастығы Ғ.Оразымбетова, кафедра оқытушылары мен интерндер қатысты.
Шараны кафедра меңгерушісі Н.В.Югай ашып беріп, қатысушыларды еліміздің тәуелсіздік мерекесімен құттықтады. Арнайы дайындалған «Көк тудың желбірегені» атты бейнебаян көрсетіліп, 723 ЖТД тобының дәрігер-интерні А.Заманхан «Тәуелсіздік ел тұғыры» тақырыбында баяндамасын жасады. 723 ЖТД тобының дәрігер интерні С.Ажихан «Көңіл толқыны» күйін орындап, қонақтарға әдемі әсер қалдырды. Іс-шара соңында сұрақтар қойылып, қонымды жауаптар алынды.
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын!