Тәуелсіздік - деп соғады жүрегіміз!

Қазақстанның Тәуелсіздік күні қарсаңында 13 желтоқсан 2018 жылы Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының жатақханасында "Медициналық биофизика және ақпараттық технологиялар" кафедрасының ұйымдастыруымен "Тәуелсіздік - деп соғады жүрегіміз!" атты тақырыпта іс-шара өткізілді. Іс-шараға «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығы бойынша 1 курс студенттері қатысты. Іс-шараның мақсаты - студенттерді патриоттық сезімге, сыйластыққа және Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, сондай-ақ студенттерді тәуелсіз Қазақстанның тарихымен таныстыру. 

1284 1

1284 2

Іс-шараның қонақтары: Фармация факультетінің декан орынбасары Сапақбай М.М., жастар саясаты бөлімінің меңгерушісі Ахметов Н.

Іс-шарада патриоттық әндер, қазақ билері, поэзия, күй және тәуелсіз Қазақстанның құрылуы туралы көрініс көрсетілді.

1284 3

14.12.2018, 22:45
338 қаралым