«Тәуелсіз елім – тұғырың сенің биікте» атты тақырыпта өткен мерекелік іс-шара

«Қоғамдық денсаулық сақтау – 2»  кафедрасының ұйымдастыруымен ОҚО бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің медициналық–әлеуметтік басқармасының «Ардагерлер үйі» мемлекеттік мекемеде «Тәуелсіз елім – тұғырың сенің биікте» атты тақырыпта мерекелік 2016 жылдың 28 қараша күні іс-шара өткізілді.  Іс –шара еліміздің Тәуелсіздігіне 25 жыл және де Қазақстан мемлекетінің Тұңғыш Президент күніне орай өткізілді.

875 1

Іс-шараға 3 курс ҚДС мамандығының студенттері мен кафедра  аға оқытушылары: Тасқынова М.А., Бегембетова А.К.,  Азимбаева С.Н., Павлова Е.В.; оқытушылар: Сакиева Ш. С., Магай Л.Н., Дүйсенова А.М.  ат салысты.

Мерекелік  іс-шара Қазақстанның ән ұранымен ашылды. Алғашқы сөзді «Қоғамдық денсаулық сақтау – 2»  кафедрасының меңгерушісі Жақсыберегенов Абай Маратұлыға берді. 

Келесі сөз демалушы ардагер-ұстаз Абдіғаппарова Зарипаға берілді. Іс-шара барысында Салтақ Айзат «Қазағым»  атты, Сұлтанқұл Серікқали «Үш қоңыр» әнін, Шерхан Айнұр «Елбасы» әнін, Айдай үнді биін, Қуандық Ануар күйді,  Әбдіқұл Биғали  «Көк тудың желбірегені»  әнін тарту етті.  

875 2

Іс-шара соңында 303 ҚДС тобының студенті Оразбек Ақылбек жастардың атынан ардагерлерге алғысымен тілегін білдірді. Ардагерлер  өз тарапынан ел тыныштығын тілеп, шексіз алғысымен баталарын берді. Ардагерлер үйінің іс-шаралар ұйымдастыру бөлімінің бастығы Д. Дайрабекова сөз алып, іс-шараның жоғары деңгейде өткенін атап өтіп, алдағы уақыттада осындай іс-шараларды жиі өткізіп тұруымызды сұранып,  мекеме атынан үлкен алғысын білдірді. Іс-шара соңында ардагерлерді студенттер биге шақырып, би билетті. Ардагерлердің осындай көтеріңкі көңіл-күйімен іс-шара аяқталды.

03.12.2016, 01:44
317 қаралым