«Түркі әлемі жастары мен студенттерінің» І Халықаралық фестивалі
2015 жылдың сәуір айының күндері аралығында қазақ даласының киелі мекені - Түркістан қаласы, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «Түркі әлемі жастары мен студенттерінің» І Халықаралық фестиваліне тәрбие ісі бөлімі бастығы - Кентаева Индира Төлегенқызы мен студенттік проректор - Орынбасар Самал қатысып қайтты. Алғаш бастау алған аталмыш фестивальдің маңыздылығы - ҚР Білім және Ғылым министрлігі мен Сыртқы істер мнистрлігінің қолдауымен «Түркі халықтарының бірлігі» идеясын қолдап, Түркі дүниесімен қарым-қатынасты нығайту, түркі тілдес халықтардың ортақ тарихы мен түркі дүниесі құндылықтарын қалыптастыру мақсатында түбірі бір түрік халықтарының жастарының басын біріктіріп, ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүрін, мәдениетін, ұлттық киімдерін насихаттау болатын. Бұл шараға - еліміздің барлық халықаралық және мемлекеттік санаттағы барлық ЖОО мен көршілес - Ауғаныстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Қарақалпақстан, Ресей (Ресейде қалып қойған түркі тілдес бауырларымыз), Түркменстан, Якутия және өзге де шет елдерден келген студенттік көшбасшысы мен Жастар ұйымының төрағалары (төрайымдары) арнайы қатысты.
Аталмыш фестиваль барысында, киелі қала - Түркістанның көркі саналатын кесенелері мен жаңа ашылған көрме орталықтарына саяхат, бабалар ізімен «Қаратау» қорығында орналасқан «Хан тағы» экотуризм орталығына арнайы ат басын бұрып, танысып қайтты. Сондай-ақ, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «Көктүріктер» тарихи-драмалық қойылым мен «Қыз Жібек», «Аршин мал алан» секілді опереттасының қойылымын тамашалап, «Терең тарихтан - Жарқын болашаққа» атты дөңгелек үстелде ашық ой-пікір алмасып, қосары мен ұсынысты біріктіре отырып, арнайы баяндама оқып қайтты.
Фестиваль соңында жан-жақтағы түркі тілдес студент жастарымыздың қазіргі өзекті мәселелерімен бөлісіп, алдағы уақытта олардың алдын-алу шарасын ұйымдастырып, «Достық көпірін» нығайту барысында Одақ құрылып, бір ауыздан келістікке келді.