Тәрбиесіз берген білім - ол адамның қас жауы!

2021 жылдың 31 наурыз күні Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасы мен «ОҚМА студенттер Альянсы» ұйымының ұйымдастыруымен «Жастар арасындағы діни экстремизмнің, суицидтің, ұлтаралық араздастық пен құқықбұзушылықтың орын алуын ескерту және алдын алу» тақырыбында студенттерге арналған ауқымды кездесу өткізілді.

1670 1

Аталған шараны модератор, Жастар саясаты бөлімінің меңгерушісі Н.Ахметов жүргізіп, іс-шараның мақсатын атап өтті. Шақырылған қонақтарды таныстырып, студент жастарға жастар арасында жиі болып тұратын діни экстремизмнің, суицидтің алдын алу шаралары туралы айтып өтті.

1670 2

Шымкент қаласының полиция департаменті, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкіл полиция капитаны Б.Қарбеков, «Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti» орталық мешітінің бірінші наиб имамы А.Мұсабек, Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Е.Айнабек, Психологиялық көмек және күйзелістің алдын алу бөлімінің психолог маманы Ж.Орынбасар, Аутрич, Neet және жас отбасылармен жұмыс бөлімінің инспекторлары А.Қалмурзаева мен Р.Танеев кездесуге қатысып, маңызды тақырыптармен бөлісті.

1670 3

01.04.2021, 03:59
514 қаралым