Шымкенттегі шахматтық іріктеу
Салауатты өмір салты — бұл ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет. Спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау – ЖОО оқытушыларының жұмысының маңызды бөлігі. Сондықтан да көптеген оқытушылар ОҚМА мен Шымкент қаласының спорттық іс шараларына белсене қатысады. «Қазақстан тарихы және әлеуметтік –қоғамдық пәндер» кафедрасының доцент м.а. Турадилов М.У. шахматтан ересектер арасындағы Шымкент біріншілігінде екінші орын алды.
2024 жылдың 9-17 наурызы аралығында шахматтық жарыстан Шымкент қаласының іріктеу чемпионаты өтті. Ұйымдастырушылар – Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы мен «Қазақстан шахмат федерациясының» Шымкент қалалық филиалы болды. Бұл турнир шахматтан ресми қалалық чемпионат мәртебесіне ие болып қана қоймай, шахматтан Қазақстан чемпионатына алғашқыларды іріктеу жарысы болды. Аталмыш жарыста кафедрамыздың доцент м.а. М.У.Турадиловты екінші орын алуымен құттықтаймыз!