Шымкент қаласы гастроэнтерология ассоциациясымен бірге және «Медикер ЮК орталығымен» бірлесе өткізілген « Бауырдың майлы дистрофиясы » атты конференция.
Шымкент қаласы гастроэнтерология ассоциациясымен бірге және «Медикер ЮК орталығымен» бірлесе отырып , 5 сағаттық тәжірибе алмасу мақсатында 2023 жылғы 14 желтоқсан күні сағат 09.00 -14.00 аралығында « Бауырдың майлы дистрофиясы » тақырыбында ІЖТДҚ 22-23 тобы, ОҚМА ЖТД-3 кафедрасының оқытушысы Оралбек А.О бірлесе отырып, конференция өткізілді.
Дәрігер-интерндер Жалпы тәжірибелік дәрігерлермен тәжірибе алмасып,өз білімдерін жетілдірді.Конференция барысында Асқорыту жүйесіндегі бауыр патологияларының алдын-алуы, емдеуі және диетаның қажеттілігі мен жалпы халық денсаулығын жақсартуға ұсыныстар мен пікірлер талқыланды. Ерлер мен әйелдер арасындағы бауыр ауруларының таралу статистикалық көрсеткіштері салыстырылып,талқыға салынды.
Денсаулық сақтау министрлігі және әлеуметтік даму Қазақстан Республикасы
№ 19 хаттамаға сәйкес К 73.0 «Ересектердегі бауырдың алкогольды емес майлы ауруы» тақырыбында біздің тарапымыздан емдеу жоспары айтылып өтті. Конференция соңында ІЖТДҚ 22-23 тобы, ОҚМА ЖТД-3 кафедрасының оқытушысы Оралбек А.О сертификатпен марапатталды.