Шымкент – есірткісіз қала

Бүгін қаламызда Шымкент қаласының Полиция департаменті мен қала әкімдігінің ұйымдастыруымен «Шымкент – есірткісіз қала» атты іс-шарасы өтті. Науқанға 1500-дей еріктілер, студент жастар қатысты. Аталған акцияның мақсаты – жастарға синтетикалық есірткінің зияндылығын түсіндіре отырып, салауатты өмір салтын ұстануға шақыру болып табылады.
Қалада 70 учаскелік полиция пунктері жұмыс істейді. Осы пунктерге 1500 ерікті жастарды бөліп, қаланың түкпір-түкпірін қалдырмай, аула, көшелерді аралап, есірткі жарнамаларын жоямыз, – деді Шымкент қалалық Полиция департаменті басшысының орынбасары Арман Бейсенбаев.
Жиын барысында мамандар тәжірибе жүзінде есірткі таратушыларды байқаған жағдайда, әрекет ету тәртібі туралы толыққанды көрсетіп, зиянды әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстанып, бос уақытында пайдалы істермен айналысуға үгіттеді. Жастар тиісті сала мамандарына көкейлеріндегі жүрген сұрақтарын қойып, жауаптар алып, өзара еркін пікір алмасты.
Сонымен қатар, белсенді жастар еліміздегі ең маңызды шешімдердің бірі АЭС салу, рефернедум мәселесіне де үн қосып, өздерінің өзіндік пікірілерімен бөлісіп, маңызды шешімді ел болып қабылдауға, референдум күні белсенді болуға шақырды. Ал еріктілер қаладағы есірткі тарататын жазуларды жоюмен қатар, есірткі нүктелерін анықтауға қатысып, 10000-дай үнпарақтар тарататын болды.
Бұрхан Е.Ж. өз тәлімгерлік тобымен және полиция қызметкерлерімен қаладағы белгіленген пункте есірткі тарататын жазуларды жоюмен айналысты.

15.10.2024, 10:11
184 қаралым