Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша теолог маманымен кездесу

2021 жылдың 06 желтоқсан күні ОҚМА үлкен мәжіліс залында Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша студенттермен кездесу өткізілді. Кездесуге ОҚМА-ның Әлеуметтік гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, теолог маманы Сапарбек Ғалымжан Нұртасұлы және ОҚМА Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты бөлім қызметкерлері мен студенттер қатысты.
Аталған шараны модератор, ОҚМА Жастар саясаты бөлімінің меңгерушісі Н.Ахметов бастап, іс-шара мақсатын атап өтті.

 

Іс-шараның мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда жастарды кеңінен тарту, тұлғалық өзін-өзі дамытуға, патриотизмге, парасаттылыққа, жастарды еңбекке баулу.
Әңгіме барысында жастарды дамыту, олардың қоғамға қосқан үлесі туралы мәселелер қозғалды. Сондай-ақ, студент жастарға сыбайлас жемқорлықтың зардаптары туралы айтылды.

Сапарбек Ғалымжан Нұртасұлы: студенттерді парасаттылық пен адалдық қағидаттарын ұстануға және жас ұрпақты кез-келген құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру, парасаттылық қағидаттарын насихаттау жөніндегі жұмысқа белсенді тарту бойынша жұмыс жүргізуге шақырды.

06.12.2021, 12:41
456 қаралым