Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және ескерту мәселелері

913 1

2017 жылдың 26 қаңтар күні, сағат 15.00-де Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясының үлкен мәжіліс залында жастар саясаты бөлімінің ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және ескерту мәселелері» тақырыбында кездесу өткізілді. Аталған кездесуге ОҚМФА профессорлық- оқытушылық құрам мен бөлім қызметкерлері қатысты.

913 2

913 3

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің өкілі Колосков Алексей Владимирович, Шымкент қалалық Ішкі саясат басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің маманы Байғұлов Руслан Бақытжанұлы, оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор Анартаева Мария Ұласбекқызы, фармацевтика факультетінің деканы Жұмабаев Нарбек Жұмабайұлы сөз сөйлеп, Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер кафедрасының доценті, т.ғ.к. Айдарбекова Ғалия Сарыбайқызы баяндама жасады. Арнайы дайындалған презентациялар таныстырылып, бейнебаяндар көрсетілді. Соңында сұрақ-жауап алынып, қазіргі күнгі көкейкесті мәселелер көтерілді. 

29.01.2017, 23:37
347 қаралым