Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы жаңашылдықтарды түсіндіру

30.03.2021ж. күні Webex платформасында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Шымкент қаласы бойынша департаментімен бірлесе «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы жаңашылдықтарды түсіндіру бойынша» іс-шарасы өтті.

1669 1

Іс-шараға Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының профессор-оқытушылары, кафедра меңгерушілері, декандар, бөлім басшылары мен ректорат және Шымкент қаласы бойынша департемент басшысы мен өкілдері қатысты.

1669 2

Алғашқы сөз кезегін алған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Шымкент қаласы бойынша департамент басшысы Жұмағали Асхат Жұмағалиұлы іс-шараның маңыздылығына тоқталып, бірінші орынбасары Серікбаев Талғар Әбдінәбиұлының баяндамасына кезек берді. Баяндамадан соң жемқорлықтың зардаптары жайында бейнеролик көрсетілді.

Іс-шара соңында ОҚМА ректоры академияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан бірқатар шаралар жайында айтып, департамент қызметкерлеріне алғысын білдірді.

01.04.2021, 03:39
463 қаралым