«Студенттік ғылым 2020» атты Халықаралық студенттік ғылыми-практикалық конференциясы

1609 210-11 желтоқсан 2020 жылы Мирас университетінде «Студенттік ғылым 2020» халықаралық студенттік ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференцияның мақсаты мектеп оқушылары, студенттер, магистранттар мен жас ғалымдар арасындағы шығармашылық белсенділікті дамыту, оларды заманауи ғылымның өзекті мәселелерін шешуге тарту, сондай-ақ студенттер мен жас ғалымдар арасындағы білімдік және ғылыми байланыстардың дамуына ықпал ету болды.

1609 1

«Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» кафедрасы ФӨТҚА-01-18 тобының студенттері Базарбек Гулдария және Мақсатқызы Аида «SMART қалашығының қазіргі таңда алатын орны және фармациядағы маңызы» тақырыбында презентация жасады, ғылыми жетекшісі Арыстанбаев Қ.Е. және «Ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелер» бағыты бойынша бірінші орынмен марапатталды.

12.12.2020, 14:24
332 қаралым