Студенттік пікірсайыс: «Жасанды интеллект және денсаулық сақтау: симбиоз әлде бәсекелестік?»
Студенттік пікірсайыс: «Жасанды интеллект және денсаулық сақтау: симбиоз әлде бәсекелестік?»
18 сәуір күні сағат 15:00-де «ОҚМА» АҚ-ның бас корпусында (кіші зал) студенттер арасында пікірсайыс өтті. Тақырыбы – «Жасанды интеллект және денсаулық сақтау: симбиоз әлде бәсекелестік?»
Екі команда — «Үкімет» және «Оппозиция» — қазіргі денсаулық сақтау жүйесінде жасанды интеллекттің рөліне қатысты көзқарастарын ортаға салды.
«Үкімет» командасы жасанды интеллект медицинада көптеген артықшылықтар бере алатынын дәлелдеді:
• ауруларды ерте кезеңде анықтап, нақты диагноз қою;
• дәрігерлер мен фармацевтердің жұмысын жеңілдету;
• медициналық қателіктердің алдын алу;
• жалпы емдеу сапасын арттыру.
Команда жасанды интеллект дәрігерлерге көмекші ретінде қызмет етіп, адам еңбегін толықтырушы құрал болатынын нақты мысалдармен дәлелдеді.
«Оппозиция» командасы болса, керісінше, бұл технологияның әлеуетті тәуекелдерін алға тартты:
• адам интуициясын, клиникалық ойлауды және эмпатияны жасанды интеллект алмастыра алмайды;
• жұмыс орындарының қысқару қаупі;
• технологиялық ақаулар мен этикалық мәселелердің туындауы;
• медициналық қызмет сапасының төмендеуі.
Команда медицина – тек ғылым ғана емес, сонымен қатар пациентпен қарым-қатынас жасайтын өнер екенін баса айтты.
Пікірсайыс қызу және мазмұнды форматта өтті. Әр команда өз ұстанымдарын дәлелдеп, аудитория алдында шешендік, сыни ойлау және сенімді сөйлеу қабілеттерін жоғары деңгейде көрсетті.
Мұндай іс-шаралар студенттердің талдау жасау, пікірталас жүргізу, технологиялық жаңашылдықтарға саналы көзқараспен қарау дағдыларын дамытуға септігін тигізеді.
ЖОО жаңалықтарын назарда ұстаңыздар — алда әлі талай қызықты шаралар күтіп тұр!
