Студенттік өмірге кіріспе

2018 жылдың 20 қыркүйек күні Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен, факультет декандарының қолдауымен академияның барлық І курс студенттерімен кездесу өткізілді. Аталған кездесуді басқарма басшысы Е.Қ.Сәлім ашып берді. Жастар жанашыры жиналыстың мақсатымен таныстырып, студенттерге оқу мен белсенділік өмірде сәттілік тіледі. Жастар саясаты бөлімінің меңгерушісі Н.Р.Ахметов академия Миссиясымен, Жарғысымен, оқытушылар мен студенттердің Ар Кодексімен, академияның Ішкі тәртіп ережелерімен, академия сайтымен студенттерді таныстырды.

1204 1

Жақында ғана сайланған студенттік ректор Қ.Иембердиев «Болашақ» академиялық жастар орталығының құрамымен таныстырып, жастарды белсенді болуға шақырды. 

Студенттік өзін-өзі басқару құрамы мен ұйым басшылары өткізген іс-шараларын таныстырып, алдағы жоспарларымен бөлісті. Әрбір ұйым белсенділері жәрмеңке жасап және студенттік кезеңнің қаншалықты қызықты екендігіне тоқтала келе, өз ұйымдарына мүше болуға шақырды.

1204 2

1204 3

1204 4

21.09.2018, 06:35
286 қаралым