«Студенттермен жобалық қызметті ұйымдастыру» Семинар тренингі
2023 жылғы 19 қазанда «Әлеуметтік медициналық сақтандыру және қоғамдық денсаулық» кафедрасы «студенттермен жобалық қызметті ұйымдастыру» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырды.
Семинарға кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы, магистранттар, "Жалпы медицина"мамандығы бойынша 5 курс студенттері қатысты.
Аталған семинардың қонақтары «Медицина» факультетінің деканы Сағтағанов Жақсыбек Ілесбекұлы, деканның орынбасары Муталипова Гүлмира Зуфарқызы болды.
Семинарда студенттердің жобалық қызметін ұйымдастыру және жүргізу бойынша кафедраның тәжірибесі ұсынылды, сондай-ақ жобаларды орындайтын студенттердің тікелей басшылары болып табылатын оқытушылардың тәжірибесі талданды.
Бүгінгі семинар-тренинг түрлі пікірталастар мен тәжірибе алмасу арқылы сапалы құрылған және әдістемелік ойластырылған білім беру ортасын құруға мүмкіндік берді, ал семинарда баяндалған оқытудың тиімді әдістері профессор-оқытушылар құрамының жұмысына жаңа серпін берді.
Жалпы, бұл семинар-тренинг жоғары деңгейде өтті, қатысушылардан оқытудың жаңа әдістемелерін, инновациялық идеяларды енгізу бойынша оң пікірлер алынды