Студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыру мақсатында өткізілген "Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы" тәрбие іс-шарасы
Адал ұрпақты тәрбиелеу-бұл кез-келген уақытта маңыздылығын жоғалтпаған мәселе.
Осы мақсатта 1.12.2023 ж. қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасынның орыс тілі курсының тарапынан студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыру бойынша тәрбие іс-шарасы өткізілді. Іс-шараның мақсаты - болашақ ұрпақты қазақстандық патриотизм мен сыбайлас жемқорлықты қабылдамау рухында тәрбиелеу біздің қызметіміздің басты басымдығы болып табылады.
Өкінішке орай, көптеген адамдардың санасында сыбайлас жемқорлықпен күресудің пайдасы жоқ, оған қарсы кез-келген іс-шараларының тиімділігі өте төмен бағаланады.
Кафедра меңгерушісі Л.Б. Ибраева сөз алып, сыбайлас жемқорлық – бұл мемлекеттік басқару құрылымдарындағы лауазымды қызметкерлердің өздеріне тапсырылған қызмет мүмкіндіктерін жеке бастарының пайдасы мен мүддесі үшін пайдалану мақсатында жасаған қоғамға қауіпті қылмыстық іс-әрекеттері. Сыбайлас жемқорлықтың себептері көп екенін атап өтті.
Кафедра жұмысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, сыбайлас жемқорлық ұғымын түсіндіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жетілдіру, студенттер арасында заңдылық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәртіпті орнату, сыбайлас жемқорлық құбылыстарына қарсы іс-қимыл рухында тәрбиелеу болып табылады.
Жалпы сыбайлас жемқорлық туралы қызықты баяндамалар оқылды, тақырыптық қабырға газеттерінің көрмесі өткізілді.
Білім алушылардың күшімен (Аширбай Нұрсұлтан, Камал Қарақат, Шаблан Болат, Мұхтар Бекторе) басты кейіпкерлер сыбайлас жемқорлық деген не және құқыққа қайшы әрекеттерден аулақ болу үшін не істеу керектігін айтып берген көрініс ұсынылды.
Заңға адал азаматты тәрбиелеу өскелең ұрпақтың бойында құқықтық сананың, әдептіліктің, белсенді азаматтық ұстанымның қажетті деңгейін қалыптастыруға, құқық нормалары мен заңдарды құрметтеуге, мемлекеттік құрылым қағидаттарын түсінуге және қоғам өмірін ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы! Болашақ-жас ұрпақ!
Кафедра атынан өткізілімге белсенді қатысқан студенттерге алғыс айтылды.