Студенттердің Сеченов университетіндегі өндірістік тәжірибесі

Сеченов университеті базасында Академияның фармация факультеті білім алушылары «Дәрілік заттардың сапасын бақылау және стандарттау» өндірістік тәжірибесін сәтті аяқтады. Осы жылы осындай мүмкіндікке 4 курс студенттері Есенәлі Салтанат, Ким Данил, Незванова Екатерина, Нұрлыбек Ақерке және Шымыр Бекарыс қол жеткізді.Нелюбин А.П. атындағы фармация Институты директоры проф. Г.В.Раменская, А.П. Арзамасцев атындағы фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының ұжымы біздің студенттерді жылы қарсы алды.

Өндірістік тәжірибе бағдарламасына сай білім алушылар РФ дәрілік заттардың сапасын, стандарттауды, сараптама жасау мен тіркеуді регламенттейтін нормативті құжаттарды оқып, танысты. Дәрілік заттар айналымындағы негізгі НҚ, оның ішінде ЕАЭО шешімі, ЕАЭО Фармакопеясы (Одақ фармакопеясы), РФ Мемлекеттік фармакопеясы XIV-ХV, РФ ДСМ бұйрықтары және т.б.

Студенттер өндірістік тәжірибенің практикалық шеңбері аясында жеке тапсырмаларды орындады. Бейорганикалық дәрілік заттарға катиондар мен аниондар, ал органикалық дәрілік заттарға функциональды топтары бойынша идентификациялау жүргізді. Титриметриялық және физика-химиялық әдістер (поляриметрия, рефрактометрия) бойынша алынған нәтижелерге статистикалық өңдеу негізінде дәрілік препараттарға салыстырмалы талдау жасауды үйренді.

Давыдовский И.В. атындағы Қалалық клиникалық ауруханасының персональды медицина Орталығының фармакокинетика зертханасы базасында тәжірибе өтушілер «ЖЭСХ дәрілік заттар талдауында қолдану» мастер-класына қатысып, сонымен бірге «ЖЭСХ әдісімен адам қан сарысуындағы дәрілік препараттардың сандық мөлшерін анықтау» тақырыбында практикалық тапсырмалар орындады. Білім алушылар жұмыс барысында алдын-ала сынамалар дайындау, калибровты графиктер құру және оны статистикалық өңдеу, бағана, жылжымалы фаза таңдау және хроматографиялаудың басқа да жағдайлары, сұйықтық хроматография әдісімен дәрілік препараттардың концентрациясын анықтаудың дағдыларын бекітті.

Фармацевтикалық аналитика орталығының сынақ зертханасында студенттер автоматты дозаторлармен, басқа да өлшегіш аспаптармен және А класына жататын химиялық ыдыстармен жұмыс істеу дағдыларын бекітті. Жеке тапсырмалар ретінде жұмысшы стандартты үлгілер ерітінділерін дайындау және алынған ерітінділердің концентрациясын есептеу болып табылды. Сонымен қатар, Орталықтың құрылымы, практикалық және ғылыми-зерттеу қызметтерімен танысып, биоэквиваленттілікті анықтау және дәрілік заттарға клиникалық зерттеулерде қолданылатын сұйықтық хроматография және иммуноферментті талдаулардың қолданылуы бойынша мастер-кластарға қатысты.

Бағдарламаның теориялық блогына Сеченов университетінің алдыңғы қатарлы ғалымдары мен дәрілік заттар айналымы саласындағы практикалық жұмыс берушілердің төмендегі тақырыптар бойынша өткізген мастер-кластары, тренингтері және дәрістері енгізілген: «Дәрілік заттардың функционалды талдауы», «РФ аумағында тағамға қосылатын ББҚ тіркеу жүйесі. Туындаған мәселелер мен оларды шешу жолдары», «Биомедицинналық статья бас редактор көзқарасымен», «Фармацевт дипломымен: ғылымда, білім мен бизнесте», «Дәрілік заттар айналымы саласындағы мемлекеттік бақылау-рұқсат беру жүйесі», «Зерттеу лабораториясына СМЖ жасау және енгізу», «Өткір улануды емдеу және алдын-алу үшін химико-токсикологиялық зерттеулерді пайдалану», «м-РНК негізінде препараттарды жасауда олигонуклеотидті және пептидті синтез платформасын жасау».

Сонымен бірге, практиканттар үшін дәрілік заттар зерттеулерінде қолданылатын физика-химиялық талдау әдістерін қолдану бойынша мастер-кластар өткізілді: «Дәрілік заттар талдауындағы ЖЭСХ», «Хроматографиялық талдаудағы детекторлардың рөлі және оны таңдау», «Биопрепараттарды зерттеу үшін иммуноферментті әдістердің мүмкіндігі», «Поляризационды-флуоресцентті иммунды талдау. Әдістің мәні және фармация мен экология саласында қолдану аймағы».

Өндірістік тәжірибе қорытындысы ситуациялық есептерді шешу, практикалық дағдыларды аттестациялау және студенттерді компьютерлік тестілеу нәтижелері бойынша анықталып, нәтижесінде студенттер химиялық және физика-химиялық әдістерді қолдана отырып, дәрілік заттар сапасын бақылауды жүргізуде жақсы теориялық дайындығы мен практикалық дағдыларын көрсетті.
Сонымен қатар, студенттер Д.И.Менделеевтің 190 жасқа толуына орай ұйымдастырылған халықаралық қатысулармен органикалық химия бойынша IX Бүкілресейлік олимпиадаға қатысып, нәтижесінде Незванова Е. олимпиада жүлдегері атанды.

Білім алушылар Сеченов университеті мен ОҚМА аттас фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедралары бірлесіп ұйымдастырған «Биологиялық белсенді заттар: дәріден - уға» атты студенттер мен жас ғалымдардың Халықаралық ғылыми конференциясына белсенді қатысты. Студенттер Незванова Е. мен Нұрлыбек А. 1 – ші, Ким Д. және Есенәлі С. 2 - ші дәрежелі дипломмен марапатталды.

Осылайша, практиканттар «Дәрілік заттардың сапасын бақылау және стандарттау» өндірістік тәжірибесі бағдарламасын толық орындады. Практика студенттердің алған теориялық білімдерін бекітуге және фармацевт-аналитиктің кәсіби міндеттерін шешуге қажетті дәрілік заттардың фармацевтикалық талдауы саласындағы практикалық дағдыларды бекітуге мүмкіндік берді.

Мәдени бағдарлама да қызықты деңгейде өтті, онда студенттер Мәскеудің қонақжайлығымен танысты. Мәдени бағдарламаның дәстүрлі бағыты ұлы ойшыл, ақын Абай Құнанбаевтың ескерткішіне тағзым етуден басталды.

Студенттер Қызыл алаңда, көрме кешенінде, Третьяков галереясында, Сеченов университетінің медицина Музейінде, Кремль сарайында «Клеопатра» операсында, «Сфера» драма театрында, Воробьев тауларында, М. Ломоносов атындағы МГУ, Кремль полкінің күзетшілерін ауыстыру салтанатында және Мәскеудің көптеген жерлерінде болды.

Фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасы ұжымы және студенттер атынан ең сәулетті қалалардың бірі – Мәскеуге барып, әлемнің үздік -100 университеттері қатарына енген базада өндірістік тәжірибе өтуге мүмкіндік бергені үшін Академия басшылығына, сонымен қатар Сеченов университеті Фармация институтының директоры, проф. Г.В. Раменская және Халықаралық даму орталығының басшысы Л.Н. Вихроваға алғысымызды білдіреміз.

19.06.2024, 12:04
169 қаралым