Студенттердің жаңа идеялары және Start Up жобалары

1832

2018 жылдың  31қаңтар күні ФІҰжБ кафедрасы жұмыс жоспарына сәйкес тәлімгерлік топтардың, жұмыс берушілердің, ОҚМФА бөлімшелерінің өкілдері және профессорлық-оқытушылар құрамы қатысуымен  5 курс студенттерінің арасында «Студенттердің Start Up жобалары» атты  дөңгелек үстел өткізілді. Кеңейтілген іс-шараға:

1) К. Д. Шертаева -  ФІҰжБ каф.меңгерушісі,фарм.ғ.д.,профессор

2) М.М.Сапақбай –  ОҚМФА фарм.фак.декан орынбасары, фарм.ғ.к.,доцент м.а., «ОҚМФА бітірушілерінің қауымдастығы»

3) Г. Д. Оразымбетова -  ОҚМФА жастар саясаты бөлімінің меңгерушісі

4) С.А. Альжанова –  «Даму» ОҚО медициналық және фармацевтикалық қызметтер  ассоциациясы әдіскері қатысты.

Өз идеяларын презентация түрінде келесі студенттер ұсынды:

1) Жұмабаев Нұрдаулет 502 ФКБ - «Медициналық арнайы киім өндірісін ұйымдастыру»                                        

2) Амантаева Диана 506 ФРБ, Нұсқабай Динара 506 ФРБ  - «Производство нанопластырей для заживления ран «Хитодерм»

3) Жанарысулы Ербол 507 ФК - «Организация медицинского тренинг-центра».

Әр баяндамадан кейін жобалар қызу талқыланды. Студенттер және оқытушылар сұрақтар қойды және  ұсыныстарын ұсынды.

1833

Іс-шара нәтижесінде студенттер Start Up бизнес-жобалар құрылымы, ұсыну әдістері, жобаны өңдеу барысында презентацияларды қолдану туралы ақпарат алды. Студенттердің дайындық деңгейін дөңгелек үстел қонақтары бағалады. Қатысушылар студенттерге жобаларын жылжыту және жақсарту  бойынша кеңестерін берді.

1834

Қорытындылай келе, «Даму» Оңтүстік Қазақстан фармацевтикалық және медициналық қызметтер ассоциациясының өкілі  С.А. Альжанова әрбір жобаның бірегейлігін, сондай-ақ ОҚМФА қоғамдық қызметінде студенттердің бастамашылдығын және белсенділігін атап өтті.

 

03.02.2018, 02:14
404 қаралым