Студенттер күні қарсаңындағы студенттер жеңісі құтты болсын!

865 2

ОҚО Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының тапсырысы бойынша 15 қараша күні «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» ЖҚ ОҚОФ мен «Жас қазақ» пікірсайысшылар одағы қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай және 17-қараша Халықаралық студенттер күні қарсаңында «Студенттік шақ» фестивалі өткізілді.

865 1

Фестиваль жобасы аясында спорт ойындарынан (волейбол, футбол, арқан тартыс, эстафета) жарыстар өткізіліп,  «Жас суретшілер» байқауы, көркем сөз оқу сайысы ұйымдастырылды. 

865 3

Аталған фестивальда академия студенттері белсенділік танытып, көркем сөз оқудан ЕІЖҚ 301 тобының студенті Намаз Ербол облыс көлемінде І орынды және арқан тартыстан академия құрамасы ІІІ орынды  иеленді. Академия намысын қорғаған студенттерімізге сәттілік тілеп, болашақта биіктерден көрінулеріне тілектеспіз!

17.11.2016, 22:42
319 қаралым