Студенттер бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі мен халық дәстүрлері мен мерекелері туралы

Адам өміріндегі бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі қандай? Соңғы медицина жетістіктерін қамтуда бұқаралық ақпарат құралдары қандай рөл атқарады?

Бұл сұраққа жауап беру үшін «Фармация» мамандығының 105 тобының студенттері қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасының аға оқытушысы С.Н. Қожахметованың 12 наурызда өткізген ашық сабағында қысқа тарихи экскурсия жасап, бұқаралық ақпарат құралдарының даму тарихы, оның функциялары, соңғы медициналық жетістіктерді қамтудағы орны туралы айтты.

1110 1

«Теледидар – заманауи қоғамдағы негізгі бұқаралық ақпарат құралы», «Ғаламтор – бұқаралық ақпарат құралы ретінде», «БАҚ. «Төртінші билік» тақырыптары бойынша презентациялар көпшілікке ұсынылды.

1110 2

Топтың медицина қызметкерлеріне және журналистерге бөлінген топтық жұмысы қызықты өтті. «Бұқаралық ақпарат құралдарының салауатты өмір салтын насихаттаудағы орны», «Медицина қызметкерлері медиа шараларынан не күтеді?», «Көп қаржыны талап ететін оталарға қаражаттың жетіспеушілігі», «Нашақорлық. АИВ. ЖИТС. Маскүнемдік» және тағы басқа тақырыптарға студенттер қызу пікірталасқа түсті.

1110 3

Студенттердің өз халқының тарихы мен салт-дәстүріне деген қызығушылығын арттыру мақсатында 5 сәуірде «Жалпы медицина» мамандығының 105 тобында оқытушы Ф.А Қаспанова  «Халық дәстүрлері мен мерекелері. Оқу-кәсіптік тәжірибе туралы есеп. Мамандық бойынша сабақта өткізілген тәжірибе туралы есеп құрастыру» тақырыбында.ашық сабақ өткізді.

Студенттер жайылған дастархан басында Наурыз көженің дайындау ерекшеліктері, қымыздың шығу тарихы мен дайындау барысындағы құпиялары, сумаляктың пайдасы мен зияны туралы ақпаратты көпшілікке ұсынды.

Ашық сабақ қонақтары мен топ студенттері қосыла билеген буын биі «Каражорға» сабақтың сәнін сөзсіз кіргізді 

13.04.2018, 22:40
438 қаралым