Студенттер арасындағы жолдастық кездесу

06.02.2024ж Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы "Болашақ" академиялық жастар орталығы ұйымдастыруымен Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогика университетінің Студенттік парламенті және оқу орнымыздың "Болашақ" академия жастар орталығы арасында жолдастық кездесу өтті.
Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогика университетінің Студенттік парламенттік топқа №2-корпуста орналасқан "Тәжірибелік дағдылар орталығы" мен №1-оқу ғимаратында орналасқан мұражайлармен таныстырды.
Жолдастық кездесуде Жоғарғы оқу орындары арасындағы коллаборация мәселелері, мүмкіндіктері және перспективалары талқыланды. Алдағы уақытта ОҚМА жастары мен Ө.Жәнібеков университетінің жастары арасында бірлескен іс-шаралар өтетін болады.

08.02.2024, 16:44
438 қаралым