«Студент жастар арасындағы тәрбие жұмысы», «Лудоманияның зияндығын насихаттау», «Нашақорлыққа қарсы күрес», «Азарттық ойындар» және «Кибербулинг» тақырыбында кездесу

 

2024 жылдың 07 ақпан күні Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен «Студент жастар арасындағы тәрбие жұмысы», «Лудоманияның зияндығын насихаттау», «Нашақорлыққа қарсы күрес», «Азарттық ойын» және «Кибербулинг»  тақырыбында  Фармация факультеті студенттеріне арналған ауқымды кездесу өткізілді. Кездесуге Фармация факультетінің декан орынбасары М.Сапақбай және жастар саясаты бөлімінің қызметкерлері мен студенттер қатысты
Аталған шараны модератор, Жастар саясаты бөлімінің меңгерушісі Б.Тасжанов жүргізді.
Іс-шараның мақсаты – жастар арасындағы ең өзекті тақырыптардың бірі лудомания және есірткіге тәуелділік, кибербулинг, азарттық ойын мәселесі бойынша жастарға кеңінен ақпарат беріп, тұлғалық өзін-өзі дамытуға, патриотизмге, жастарды еңбекке  спортқа баулу.
Сөз кезегін алған Фармация факультетінің декан орынбасары М.Сапақбай студенттерді парасаттылық пен адалдық қағидаттарын ұстануға және парасаттылық қағидаттарын насихаттау жөніндегі жұмысқа белсенді тарту бойынша жұмыс жүргізуге, адал болуға шақырды. Сонымен бірге ОҚМА АҚ Академиялық саясат, ОҚМА АҚ  Жазбаша және ауызша емтихандарды ұйымдастыру және өткізу ережесі, ОҚМА АҚ компьютерлік тестілеу түрінде білім алушылардың аралық аттестациясын ұйымдастыру ережесі, ОҚМА АҚ Жатақханада тұру ережесі, курстан курсқа өту балдары, деканаттан өтем парақтарын алу, өтем парақтары өткізу, ақылы негізде оқитын студенттердің төлем ақы төлеу туралы айтып таныстырылды.

Өз сөзінде Б.Тасжанов студенттерге жүргізіліп жатқан жұмыстар, адалдық, парасаттылық құндылықтары жайлы, жастар арасында АИТВ/ЖИТС пен нашақорлықтың, лудоманияның, кибербулингтын алдын алу жолдары мен маңызды белгілері, жайлы кеңінен таратып,  зиянды әрекеттердің аулақ болуға шақырды.

08.02.2024, 17:29
688 қаралым