Стратегиялық ынтымақтастық аясындағы сапар

2018 жылғы 18-23 сәуір аралығында Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясына визитинг-профессор бағдарламасы аясында польшалық ғалымдар KrzysztofWaleron мен MalgorzataWaleron келді.

Гданск медицина университетінің профессоры Krzysztof Waleron, «Фармацевтикалық микробиология» кафедрасының меңгерушісі, Malgorzata Waleron Гданск медицина университеті мен Гданск университетінің университетаралық биотехнология факультеті атынан келген. Академия ректоры, профессор М.М.Рысбеков ғалым қонақтармен кездесті.

1128 1

Krzysztof Waleron микробиологияның өзекті мәселесі бойынша лекция оқыды. Магистранттар мен резиденттер арасында «Антибиотиктердің 80 жылдық қызметіндегі антиобиотикорезистенттіліктің пайда болуы мен эволюциясы», «Қазіргі вакциналар мен технологиялар. Вакцинологияның болашағы», «Молекулярлық диагностика-дербес терапияға апарар жол» тақырыптары бойынша оқылған лекциялар қызығушылық тудырды.

1128 2

1128 3

Malgorzata Waleron, өз кезегінде, «Цианобактериялардың тұтынуға жарамды түрі. Arthrospira: оны өсіру тәсілінің ағымдық жағдайы, генетикасы және медицинада қолданылуы» жөнінде лекция оқыды.

1128 4

Профессорлармен жоғары білікті маман даярлау саласында, магистрлер үшін білім беру бағдарламалары мен ғылыми-зерттеу жобаларын бірлесе жасау жөніндегі мәселелер талқыланды.

25.04.2018, 06:38
362 қаралым