СТОМАТОЛОГИЯ ДАМУЫНДАҒЫ ЖАҢА ТРЕНД – 3D ТОМОГРАФИЯ Немесе ОҚМФА-да тәжірибелік стоматологиядағы өзекті мәселелер бойынша ғылыми конференция қалай өтті
Бүгін «Тәжірибелік стоматологиядағы өзекті мәселелер» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, оның бастамашысы Оңтүстік-Қазақстан фармацевтикалық академиясы, ОҚО облыстық денсаулық сақтау басқармасы, С.Д. Асфендияров атындағы Ұлттық медициналық университеті, ОҚО бойынша ҚР денсаулық сақтау ұлттық палатасы болып табылады. Ғылыми форум қатысушылары тіс-жақ жүйесін зерттеу, оны табиғат заңдарына қарама-қайшы емес, онымен үндестіріп емдеудің жаңа жолдарымен танысты.
Жиналғандарға алғысөзбен шыққандар: Нурмашев Б.К. –ОҚМФА проректоры, Есимов Д.С. – ҚР денсаулық сақтау ұлттық палатасы басқармасының төрағасы , Есембаева С.С. –ҚР ДСМ бас штаттан тыс стоматологы, Жартыбаев Р.Н. – С.Д. Асфендияров атындағы Ұлттық медициналық университетінің стоматология бойынша интернатура кафедрасының меңгерушісі, ҚР денталды имплантологтар Ассоциациясының Президенті.
ҚР денсаулық сақтау ұлттық палатасы басқармасының төрағасы орынбасары А.А.Кауышева өз баяндамасында заманауи жағдайдағы Қазақстан үкіметтік емес ұйымдар институтының дамуын, денсаулық сақтау Ұлттық палатасы және ҒТҰ-ның 2016-2019жж. арналған «Денсаулық» денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудағы рөлін атап өтті. Сондай-ақ кейбір функцияларды үкіметтік еес секторға беру, медициналық қызметкерлердің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру мәселелері маңыздылығын атап өтті.
ҚР ДСМ бас штаттан тыс стоматологы, м.ғ.д., профессор С.С. Есембаева «Қазақстан Республикасы стоматологиялық қызметінің даму жағдайы және болашағы. Стоматологиядағы стандартизация» баяндамасымен шықты.
Облыстық стоматологиялық емхананың бас дәрігері Е.К.Орманов ОҚО бойынша стоматологиялық қызмет жағдайымен таныстырып өтті.
С.Д. Асфендияров атындағы Ұлттық медициналық университетінің стоматология бойынша интернатура кафедрасының меңгерушісі, ҚР денталды имплантологтар Ассоциациясының Президенті, м.ғ.д., профессор Р.Н. Жартыбаев Қазақстан Республикасы денталды имплантациясының даму жағдайы және болашағы жайлы баяндамамен шықты.
Қатысушылар пародонт және ауыз қуысы шырышты қабаты ауруларын диагностикалау және емдеу мәселелері, остеопороз кезіндегі денталды имплантация, хирург-стоматологтар үшін компьютерлік 3D томографияда қол жеткізген жетістіктері бойынша ойларымен бөлісті.
Р. ШАЙМЕРДЕНОВА, «ОҚМФА жаршысы» ғылыми журналының редакторы