"START-UP ОҚМА" байқауы туралы хабарлаймыз!
Академияның ең үздік Start-UP жобасына конкурс жарияланады!
Талаптар:
• Конкурсқа ОҚМА қызметкерлері, студенттер, магистранттар, докторанттар, жас ғалымдар қатыса алады.
• Бір команданың құрамына 5 адамнан артық кірмеуі тиіс.
• Әр командада ОҚМА білім алушысы және/немесе қызметкері болып табылатын басшы болуы тиіс.д
• Әрбір білім алушы және/немесе қызметкер тек бір командаға қатыса алады.
Өтінімдерді қабылдау 10 маусымға дейін болады.
Бірінші турға іріктеу 10 маусымда өтеді (бірінші турда іріктеуден өткен командалар "Start-Up жобаларын қалай құруға және іске асыруға болады" атты арнайы курстарына қол жеткізе алады!).
Жобаларды таныстыру және конкурс жеңімпаздарын жариялау 20 маусымда өтеді.
Қатысу үшін команда "Болашақ жоба жоспарын" ұсынады (MS Word форматында), оған мыналар кіруі керек: қатысушылардың аты-жөні, жобаның мақсаты, жоба идеясы, күтілетін нәтижелер.
➡ Қатысуға тіркелу – жобаларды басқару және коммерцияландыру офисінде іске асырылады (бас корпус, 326 кабинет)