«Спорт-денсаулық кепілі»

ОҚМА жанындағы медицина колледжінің ЖББП кафедрасы «Салауатты өмір салтын насихаттау, спортты дамыту» мақсатында 1,2 курс мамандық аралық білім алушылары арасында арқан тарту және волейболдан спорттық жарыс өткізді.
Спорттық жарыста «Емдеу ісі», «Мейіргер ісі», «Стоматолог-дантист», «Стоматолог-ортопед» мамандықтарының білім алушыларынан құралған командалар арасында «арқан тарту», «волейбол» сияқты спорттық ойындар түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды.
Спорттық жарыстың ашылуына кафедра меңгерушісі Сатаев Амангелді Тойболұлы қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.
Тартысты өткен жарыста 6 команда қатысты 
Жеңімпаздар грамота,кубок медалдармен марапатталды.


Арқан тарту;
1-орын иегері 2-курс «Емдеу ісі»
2-орын иегері 2-курс «Ортопедия»
3-орын иегері «Стоматология»


Волейболдан орын иегерлері;
1-орын иегерлері құрама «Тұран» командасы «Емдеу ісі» мамандығы
2-орын иегері «Алаш» командасы «Стоматология» мамандығы
3-орын иегері 2-курс «Қыран» командасы «Емдеу ісі» мамандығы

13.11.2024, 11:34
86 қаралым