Шона Смаханұлының 100 жылдық мерей тойына арналған «Шоқ тілді ақын» атты шығармашылық кеш
17.04.24ж. А.Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханасында қазақ сатирасының сардары, ұлттың жанашыр перзенті, жарқын жүзді ұстаз, тіл жазушы Шона Смаханұлының 100 жылдығына арналған «Шоқ тілді ақын» атты еске алу кеші өтті. Аталмыш іс-шараға ОҚМА-ң «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының аға оқытушылары Б.Утегенов пен А.Ибраимова және 1 курс білім алушылары, Шымкент қаласы әзіл-сықақ театрының әртістері, ағартушылар қатысты. Шығармашылық кештің мақсаты: білім алушылардың отанға және ана тіліне деген құрметі мен сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру болып табылады.
Іс-шара барысында Шона Смаханұлының өмірі мен шығармасына арналған кітап көрмесі жасақталып, қысқаша бейнебаян көрсетілді. Сонымен қатар, театр майталмандарының қатысуымен көрініс қойылып, жастардың орындауында ақынның мысалдарынан үзінді оқылды. Ш.Смаханұлының өлеңдерінің философиялық мағынасы мен лирикалық мазмұндағы стилінің аз да болса жастарға өмір шындығын сезіне біліп,халықтың ой-арманын да бейнелей алуын ерекшеленетіні де баса айтылды. 1 курс «Стоматология» мамандығының білім алушысы Амантай Ұлан жергілікті «Оңтүстік» теле арнасына Ш.Смаханұлы жайлы өзінің сұхбатын берді.
Қатысушы жастарымыз Шона Смаханұлы туралы құнды мағлұматтар алып, рухани толықты.