Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқарма басшылығы, жұмыс берушілермен кездесу

2024 жылдың 7-ші ақпан күні АҚ «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының» бас ғимаратының үлкен мәжіліс залында «Интернатура және бітірушілерді жұмысқа орналастыру деканатының» деканы, PhD К.С.Кемельбековтың ұйымдастыруымен және жұмыс берушілер ретінде Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысының орынбасары Е.С.Баязитовтың басқаруымен қала және аудандық емхана, аурухана басшыларының қатысуымен жәрмеңке өткізілді.
Жәрмеңкеге 2023-2024 оқу жылының бітіруші түлектері: дәрігер-интерндер, резиденттер; клиникалық кафедралардың профессор–оқытушы құрамдары, декандар және проректорлар қатысты.
Аталған жәрмеңкені Академиямыздың ректоры, профессор Рысбеков Мырзабек Мырзашұлы ашып берді.

Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысының орынбасары Е.С.Баязитов және жұмыс берушілер ретінде төмендегі құрам баяндамаларын жасады:


1. ШЖҚ КМК «Бірінші қалалық ауруханасының» директоры Мустафин Айдар Жантуреевич
2.«Психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ КМК директор Бейсембаев Дауренбек Жұмағұлұлы
3. «СҚО әкімдігінің ДСБ» КММ «ЖИТС-тің профилактикасы және онымен күрес жөніндегі облыстық орталық» директордың міндетін атқарушы Улмесеков Ринат Маратович
4. «СҚО әкімдігінің ДСБ» КММ «Айыртау аудандық ауруханасы» директордың міндетін атқарушы Уахитов Ербол Файзулаевич
5.«№3 қалалық емханасы» ШЖҚ КМК директор Өтебаев Асхат Оңғарұлы
6. «СҚО әкімдігінің ДСБ» КММ «Жамбыл аудандық ауруханасы» директордың міндетін атқарушы Кашаганова Бакыт Темирбековна
7. «СҚО әкімдігінің ДСБ» КММ «Тимирязев аудандық ауруханасы» директордың міндетін атқарушы Жумагалиев Марат Бактыбаевич
8. «СҚО әкімдігінің ДСБ» КММ «Уәлиханов аудандық ауруханасы» директордың міндетін атқарушы Федотова Лилия Муратжановна


Кездесу барысында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша облыстық әкімшіліктен 1,5 миллион көтерме ақы, жергілікті әкімшіліктен 300 мың теңге және әр мекеме 500 мың теңге беріп, үймен қамтамасыз етілетіндігі, балабақша, мектепке жанұялы жас мамандардың балаларын орналастыруға көмек көрсетілетіндігі және де тапшы мамандықтар бойынша резидентураға оқыту мүмкіндіктері бар екенін айтылды. Сонымен қатар, Оңтүстік өңірдің тумалары, бірақ қазіргі таңда сонда жұмыс жасайтын жас мамандарда сөз алып, бітіруші түлектерді жұмысқа тартылуы бойынша үгіт насихаттар айтылды. Бітіруші түлектер сұрақтарын қойып, жауаптар алынды. Қызығушылық танытқан бітірушілер келісім шарттардың ережелерімен танысты.

08.02.2024, 12:34
516 қаралым