SMART STUDENT

2022 жылдың 29-шы қазан күні ОҚМА үлкен мәжіліс залында Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар ісі жөніндегі басқарманың қолдауымен, «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» және «G-38 Жастар көшбасшылар Қоғамдық Қорының» ұйымдастыруымен «SMART STUDENT» атты интеллектуалды сайысы өтті. Сайысты ОҚМА ректоры профессор Рысбеков Мырзабек Мырзашұлы ашып, жеребе тастау рәсімінде қай команда бастайтынын анықтап берді. Сайысқа Шымкент қаласының 8 бірдей Жоғарғы оқу орындарының командалары қатысты. Іріктеу ойындарынан сүрінбей өткен оқу орнымыздың құрамасы жартылай финалда да өздерінің үздік екенін бір дәлеледі. Ақтық мәреде Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетімен Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы бақ сынасты. Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы 2-ші орын иеленді. Алда бұданда жемісті де жеңісті күндеріміз көп боларына сеніміміз мол.

31.10.2022, 10:11
330 қаралым