"Сіреспе - бейбіт уақыттың күрделі мәселесі" халықаралық пәнаралық алаңы

2023 жылы 31 қаңтарда Астана медицина университетінің ұйымдастыруымен Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасының қатысуымен "Сіреспе - бейбіт уақыттың күрделі мәселесі" халықаралық пәнаралық алаңы өткізілді.
Халықаралық пәнаралық алаңның қызметі жұқпалы ауруларды диагностикалау және емдеумен байланысты қазақстандық сарапшылар арасындағы жаңа бірегей байланыс кеңістігі қызметін атқарды. Іс-шара медицина ғылымы мен тәжірибесінің соңғы жетістіктері тұрғысынан сіреспенің өзекті мәселелерін жан-жақты қарастырудың тамаша мүмкіндігі болды.

Жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к., профессор Абуова Гульжан Наркеновна әлемде және Қазақстанда сіреспенің таралуы, инфекцияны жұқтыру жолдары, аурудың клиникалық ағымы, диагностика мен емдеудің заманауи трендтері бойынша қазіргі жағдайға арналған баяндама ұсынды.

PhD докторы, доцент Бердалиева Фарида Абдуллаевна Шымкент қаласында болған , балада сирек кездесетін сіреспенің клиникалық жағдайын баяндады. Тәжірибелік медицина қызметкерлеріне кәсіби қырағылықты сақтай отырып, әрқашан дайын болу ұсынылды.

ҚР ҚДМ ҚДСҰО "Санитарлық - эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы" филиалының бас маманы-эпидемиологы Лена Касабекова халықты сіреспеге қарсы вакцинациялаумен қамтуға арналған баяндама ұсынды.

Халықаралық пәнаралық алаңның өзіндік ерекшелігі жаңадан бастаған мамандарды — студенттер мен резидент дәрігерлердің қызығушылығын оятып және қолдау болды. Бұл формат өзінің кәсіби міндеттерін ойдағыдай шешуге, тәлімгерлік рухты нығайтуға және болашаққа сенімді қарайтын жас мамандардың дамуына жағдай жасауға, қабілетті, мықты ғылыми-практикалық қоғамдастық құруға мүмкіндік берді.

02.02.2023, 14:43
557 қаралым