Шын жүректен, қарапайым сөздермен жақсылық жаса

Биылғы жылдың 5 сәуір күні фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасы және акушерлік және гинекология курсымен АЖМК-2 кафедрасы бірлесе отырып ОҚО Әлеуметтік бағдарламаларды қамту басқармасының «№5 Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КГУ (бұрынғы «Қарттар және мүгедектер үйі») ұйымына барып қайтты. Аталған іс-шара біздің елімізде бір ай ішінде тойланатын Наурыз мейрамына орай болды.

1101 1

Фармацевтикалық факультеттің студенттері мен интерн-дәрігерлердің көмегімен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Қара өлең оқу, домбырамен халық әндерін шырқау және қазақ, өзбек халықтарының ұлттық нақыштағы киімдерімен би билеп, көрермендерді таң қалдырды. 

1101 2

Іс-шараны ұйымдастырушылардың жылы құттықтау сөздері, қатысушылардың көңіл-күйін көтеру бағдарламасы мен қарттар үйінің барлық тұрғындарына берілген сый-сыйапаттар барлығының көңілінен шықты.

1101 3

Көрсетілген мейірімділік пен назары, бауырмалдылық пен белсенділігі үшін біздің студенттер мен интерндер ақсақалдардың батасын алды. Жақсы дәстүрді жалғастыра отырып, ақсақалдар өз батасында жастарды жақсылық пен игілікке, білім мен еңбекке шақырды.

1101 4

11.04.2018, 21:45
387 қаралым